• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №277

233 рет
көрсетілді

2016 жылғы 5 мамыр, Астана, Үкімет Үйі Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы №277 қаулысымен бекітілген Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары 1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» 2015 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды. 2. Азаматтық персонал қатарындағы адамға немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлеріне біржолғы өтемақы төлеу мынадай жағдайларда: 1) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайларда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін; 2) азаматтық персонал қатарындағы адамға бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан болған мүгедектік белгіленген жағдайларда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін; 3) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда жүргізіледі. 3. Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза табуының (қайтыс болуының), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленуінің немесе мертігуінің (жаралануының, жарақаттануының, контузия алуының) мән-жайларын тергеп-тексеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес комиссия құрылады. 4. Мемлекеттік органның (ұйымның) кадр қызметі осы Қағидалардың 2-тармағында көзделген жағдайларда Тергеу жөніндегі комиссия қорытындысының көшірмесі түскен сәттен бастап күнтізбелік бес күн ішінде азаматтық персонал қатарындағы адамдарды немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлерін тиісті құжаттармен қоса, біржолғы өтемақы төлеу туралы өтініштерді қаржы бөлімшесіне беру қажеттілігі туралы міндетті түрде жазбаша хабардар етеді. 5. Біржолғы өтемақы алу үшін азаматтық персонал қатарындағы адам немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлері мынадай құжаттарды ресімдейді және жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның (ұйымның) қаржы бөлімшесіне (бұдан әрі - қаржы бөлімшесі) ұсынады: 1) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін: өтініш; қайтыс болуы туралы куәліктің нотариат растаған көшірмесі; мұраға құқығы туралы куәлік; 2) азаматтық персонал қатарындағы адамға бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде немесе бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, адамның бітімгершілік операцияға қатысуы аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін: өтініш; мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі; 3) азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операцияға қатысу кезеңінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда: өтініш; медициналық ұйымның дәрігерлік-консультативтік комиссиясының пациенттің денсаулық жағдайы туралы қорытындысы. 6. Азаматтық персонал қатарындағы адам немесе азаматтық персонал қатарындағы адамның мұрагерлері өтемақы төлеу туралы өтінішпен жүгінген кезде қаржы бөлімшесі осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын және дұрыс ресімделуін тексереді және мемлекеттік орган (ұйым) басшысының атына ресімделген өтінішті біржолғы өтемақыларды төлеуге өтініштерді тіркеу журналында тіркейді. Тергеп-тексеру жөніндегі комиссия қорытындысының көшірмесін, сондай-ақ зардап шегушінің медициналық тексеруден өткендігі туралы мәліметті мемлекеттік органның (ұйымның) кадр қызметінің қаржы бөлімшесіне ұсынады. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген тиісті құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш тіркелуге жатпайды. 7. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен егер азаматтық персонал қатарындағы адамның қаза табуы (қайтыс болуы) немесе оның мертігуі: 1) соттың заңды күшіне енген үкімі болған кезде өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда, өзіне-өзі қол жұмсау салдарынан; 2) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған кезде; 3) оның алкогольдік, есірткілік немесе өзгедей масаң күй туғызатын заттарды тұтынуы немесе қолдануы себебінен; 4) біржолғы өтемақы алу немесе міндеттерін орындаудан жалтару мақсатында өзіне қасақана қандай да бір дене зақымын (дене мүшесін зақымдау) немесе өз денсаулығына өзге де зиян келтіру салдарынан болғаны дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді. 8. Біржолғы өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының шешімі негізінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен және шегінде немесе ұйым басшысының шешімімен осы ұйымның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктерде немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк операцияларының тиісті түрлерін жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдарда алушының дербес шотына немесе карт-шотына аудару жолымен өтініш берілген сәттен бас­тап бір ай ішінде жүргізіледі.